Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Жарияланды
Ақпарат министрі Дәурен Абаев жауап берді

«Бүгінде бізде адам шығыны бола қалған жағдайда оны жерлеудің дамыған тетігі бар ма? Құдай сақтасын, дегенмен біз алгоритм жүйесін жасадық. Ол бүкіл әлемде қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді»,- деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасындағы тікелей эфирінде.  

Сондай-ақ ол жағдайдың қашан тұрақтанатыны туралы нақты жауап бере алмайтынын айтты. 

«Әлі де індетке шалдыққандар тіркеледі. Егер дәрігерлердің айтқанын орындасақ қана, аурулар саны азаюы мүмкін»,-деді Ақпарат министрі.  
 

Сондай-ақ оқыңыз