«Бүгінде бізде адам шығыны бола қалған жағдайда оны жерлеудің дамыған тетігі бар ма? Құдай сақтасын, дегенмен біз алгоритм жүйесін жасадық. Ол бүкіл әлемде қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді»,- деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасындағы тікелей эфирінде.
Сондай-ақ ол жағдайдың қашан тұрақтанатыны туралы нақты жауап бере алмайтынын айтты.
«Әлі де індетке шалдыққандар тіркеледі. Егер дәрігерлердің айтқанын орындасақ қана, аурулар саны азаюы мүмкін»,-деді Ақпарат министрі.