Полиция департаменті Алматыда карантин кезіндегі қаладағы жағдай туралы айтты.
«Қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және қылмыстың төмендеу үрдісі байқалады. Бір тәулік ішінде қалада 57 қылмыс тіркеліп, оның 32-і ізі суымай ашылды. Бұл 16 наурыздағы ахуалмен салыстырғанда 39,4%-ға аз. Соның ішінде біреудің мүлкін ұрлау – 47,7%-ға, көшеде және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 38,9 пайызға азайды»,-деді полиция департаменті.
Сонымен қатар бүгінен бастап Алматы полициясы шаһар тұрғындарына ақпарат тарату үшін дауыс ұлғайтқыштары бар арнайы көліктерді іске қосты.