Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға жәрдемақы төленетінін айтты. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы кезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Төтенше жағдайда – біз азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін түбегейлі шаралар қабылдауымыз керек. Бізде барлық мүмкіндік бар – Ұлттық қорда қаражат жетеді. Оны дұрыс пайдалануымз керек. Мұны қазақстандықтар білуі керек. Адамдар осы қиын сәтте қалай көмектесетіні туралы нақты түсінік алуы керек. Қазір кез-келген қауесет, белгісіздік, наразылық, дүрбелең туғызады. Үкімет пен әкімдер дағдарысқа қарсы шараларды жылдам уақытта әзірлуі керек»,- деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар, ол қазіргі жағдай 500 мыңға жуық қазақстандықтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін де атап өтті.
«Сондықтан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 1 АЕК (42 500 теңге) көлемінде ай сайынғы төлем енгізуді тапсырамын. Жалпы бұл көмекті кемінде 1,5 миллилоннан астам азамат ала алады»,- деді мемлекет басшысы.
Дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн теңгені немесе 10 млрд долларды құрайды екен.
«Бұл – береке-бірлігіміз сыналатын уақыт. Әрбір дағдарыстың екі жағы бар. Біріншіден, ол – қауіп, екіншіден – мүмкіншілік. Коронавирус індеті, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі нәрсе. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты ел болуымыз керек. Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз деп сенемін»,- деді президент.