Алматыда азық-түлікпен қамту бағдарламасы дайындалды

Жарияланды
Мұқтаж отбасылар, мүгедектер мен зейнеткерлерге көмек көрсетіледі

Алматы шаһарында көмекке зәру: олар мұқтаж отбасылар, мүгедектер мен зейнеткерлер үшін азық-түлікпен қамту бағдарламасы жасалынды. Бұл туралы онлайн брифингте қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.  

«Бүгін қалада әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған бағдарламаны бастадық. Бүгінде қалада ондай отбасылардың саны 18618. Олардың 9970-і әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы, 2585 адам жалғызбасты зейнеткер, 5143 отбасында 1-2 топтағы мүгедектер бар болса, 919 отбасы мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Алдағы уақытта бұл шеңбер кеңейетін болады»,- деді қала әкімінің орынбасары.

25 наурыздан бастап арнайы орталық ашылады. Оған мұқтаж отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлер  хабарласа алады. Әкімдік тарапынан ақпарат расталған жағдайда оларға азық-түлікпен көмек жіберілетін болады. 

«Қазір біз стандартты пакет дайындадық. Күніне мыңдаған пакет таратылатын болады. Қазір мұқтаж адамдардың тізімі жасалып жатыр. Қосымша тізімді қала тұрғыдарының өзінен күтеміз», – деді қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
 

Сондай-ақ оқыңыз