Елордада жағдайы ауыр қанша науқас бар?

Жарияланды
31 науқастың жағдайы қанағаттанарлық

Елордада індетті жұқтырғандардың бірі ауыр жағдайда. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Сәуле Кисикова мәлімдеді.

 «Коронавирус инфекциясы бар 31 науқастың жағдай қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Бір науқастың жағдайы ауыр», – деді ол.

 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 32 науқастың 31-і Қазақстан азаматы, біреуі шетелдік азамат. Оның ішінде 10 ер адам және 22 әйел адам. 22 жағдай 30-дан 49 жасқа дейінгі , 50-ден 59 жасқа дейінгі  – төрт , 60-тан асқан бір науқас, 18-ден 29 жасқа дейін – үш, 18 жасқа дейінгі балаларда – екі жағдай, оның ішінде төрт айлық нәресте.
 
  Еске салайық, 24 ақпанда Нұр Сұлтанда індетті жұқтырған екі науқас тіркелді.
 

Сондай-ақ оқыңыз