Карантин режимін бұзған төрт азамат ұсталды

Жарияланды
Олар Ішкі істер басқармасына жеткізілді

Карантин режимін бұзған төрт азаматты Ұлттық ұлан жауынгерлері қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы қаласының шеткі аймақтары індеттің таралуын алдын алу мақсатында карантинге жабылған.

Атап айтқанда, Алматы облысы Абай елді-мекенінің жанында ағатын Ақсай өзені қала мен облысты екіге бөліп тұр.

Алматы қаласының кіреберісіне қойылған тосқауыл бекетті айналып өтіп, қалаға кірмекші болған төрт азамат ұсталды. Қанат Бейсенбаев басшылық жасайтын әскери топ өзенді кесіп өтіп, қала аумағына жақындап келе жатқан екі азаматты байқайды. Оларды тоқтатып, мән-жайды анықтағанда жұмыс іздеп, қала аумағына өтпекші болғандары анықталды. Артынша тағы екі азамат Ақсай өзенін кесіп өткен кезде ұландықтардың қолына түседі. Барлығы мән-жайды анықтау үшін аудандық Ішкі істер басқармасына жеткізілді. Осыған дейін наурыздың 22-сі күні ұландық офицер Еркебұлан Бейсенбай дәл осы Ақсай өзені маңында тағы бір азаматты ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған болатын.

 

Сондай-ақ оқыңыз