Жаңалықтар

Қазақстандық балалар Қырғызстаннан әскери ұшақпен келді

Олар Атыруға жеткізілді

Елімізге ұшақпен 21 адам ұшып келді. Олар таңғы жетіде Бішкектен Атырауға әскери ұшақпен қонған. Борттың ішінде 11– ана, ал 10-ы – церебралды сал ауруымен ауыратын балалар болған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды. 

Олар Қырғызстанда екі апта ем қабылдаған. Алайда сол уақытта әуе рейсі тоқтап, елге қайта алмай қалған. 

«Балаларды тасымалдау үшін айрықша жағдай қажеттілік туындады. Сондықтан, бұл іске ҚР Қорғаныс министрлігінің авиациясы тартылды» -деп айтты ҚР ҚМ Қырғызстандағы әскери атташесі әрі полковнигі Ақтан Әбілдаев. 

Елге оралғандардан коронавируске жедел тест алынды. Тест қорытындысы 7-8 сағат ішінде белгілі болып, сараптама оң нәтиже көрсеткен.