Қазақстанның оңтүстік аймағы су тасқынымен күресуге солтүстікке көмектеседі

Жарияланды
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Қажет болса, үш мыңнан астам адам жіберіледі

Ішкі істер министрлігі зардап шеккен аудандарға су тасқынымен күресу үшін елдің оңтүстік аймақтарынан қосымша күштер мен құралдар жеткізуге дайын. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

«1 сәуірге таман біз қажет болған жағдайда оңтүстік өңірлерден солтүстікке қарай қосымша күштер мен құралдар тартуға дайынбыз. Олар Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облыстарының  құрамдары. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында іс-шаралар күшейтілді», – деді ол.

Ішкі істер министрінің орынбасарының сөзінше, жалпы саны 9 мың адам мен 1,5 мыңнан астам бірлік техникадан тұратын арнайы күштер мен құралдар тобы құрылған. Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда  солтүстік облыстарға қосымша үш мыңнан астам адам мен 200 дана техника әзірлікте тұр екен.

«Жағдай бақылануда, елді мекендерді су басу қаупі жоқ»,- деп толықтырды министр орынбасары. 

Еске сала кетейік, биыл елімізде су тасқынымен күресуге 34 миллиардтан астам теңге қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз