Польшадан 207 қазақстандық азаматтар жеткізілді,- деп хабарлайды Kursiv.kz.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Scat Airlines екі елдің авиациялық билігі мен Қазақстанның Польшадағы елшілігінің көмегімен арнайы чартерлік рейсті жүзеге асырды.
Жолаушылардың көпшілігі Еуропада оқитын студенттер.
Бұған дейін, Польша коронавирус пандемиясының таралуына қарсы тұру үшін өз елінің шекараларын жапты. Халықаралық әуе тасымалдарын тоқтату туралы шешім қабылдаған.