Сауд Арабиясыннан қазақстандықтар елге оралды, деп жазады coronavirus2020.kz сайты.
Біз азаматтарымызды шет елден оралу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Сауд Арабиясының мемлекеттік органдарының бірлескен күшімен 24 наурызда осы елдегі отандастарымыз елге қайтарылды.
«Қазақстанның Әскери-әуе күштері әскери-көлік авиациясының атсалысуымен Қазақстанның 33 азаматы «Джидда – Ақтау» бағыты бойынша аман-есен үйіне оралды. Бұл азаматтар Корольдіктің аумағында болған және Сауд билігі COVID-19 таралуына қарсы шаралар қабылдау аясында шектеу шараларын енгізіп, халықаралық әуе, жер үсті және теңіз қатынастарына толық тыйым салу салдарынан елден шыға алмай қалған»,-делінген сайтта.
Қазіргі уақытта Сауд Арабиясының аумағында 100-ге жуық қазақстандық өз еркімен қалған. Олардың көпшілігі Корольдікте келісімшарт бойынша жұмыс істеп жатқандар көрінеді. Оның ішінде туристік визамен жүргендері бар. Сонымен қатар Мекке және Медина қалаларында уақытша 11 адам жүр екен.