Алматы облысында 30 айналма жол жабылды

Жарияланды
Шекаралас аудандарға сараптама жасалды

Карантин аймағының периметрі бойынша 30 айналма жол жабылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Патрульдік полиция айналма жолдарды белгілеу мақсатында, Алматы облысымен шекаралас аудандарға сараптама жасады.

 «Сараптама  барысында айналма жолдардың 30-ы анықталды және жабылды. Сонымен қатар,  бетон блоктар орнатылды. Жабылған айналма жолдары Алатау ауданында – 15, Жетісу – 7 Медеу – 1, Наурызбай  – 4 және Түрксіб ауданында – 3 бетон блоктар орнатылды. Өкінішке орай, карантиндік аймаққа кіру үшін заңсыз әрекеттерге және тыйымға қарсы келетін азаматтар өте көп. Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабы – төтенше жағдай ережелерін бұзу бойынша, 47 әкімшілік материал қаралды. Нәтижесінде 11 азамат әкімшілік қамауға алынды, 36 адамға айыппұл салынды”, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов. 

Сондай-ақ оқыңыз