Жаңалықтар

Алматыда қарияларға зейнетақыларын үйлеріне жеткізеді

Бұл 70 жастан асқан зейнеткерлерге қатысты

Карантин кезінде Алматы зейнеткерлерінің зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп береді,-деп хабарлады Алматы әкімдігінің телеграмм каналы.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазпочта» АҚ АФ директоры Әлия Сүгірбаева айтты.

Оның айтуынша, 70 жастан асқан зейнеткерлер карантин кезінде зейнетақыларын үйінде отырып ала алады.

 «Қала әкімдігімен бірге біздің зейнеткерлерге зейнетақыларын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. «Қазпочта» 80 жастан асқан зейнеткерлерге қызмет көрсетеді, біз олардың зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп береміз. Қазір 70 жастан асқан зейнеткерлер санатын да қамтамасыз етуге дайынбыз. Біздің барлық қызметкеріміз – почташылар мен курьерлер оған толық дайын, олар зейнеткерлердің қауіпсіздігі үшін барлық жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған», -деді ол.

Бұдан өзге, «Қазпочта» карантин кезінде қала тұрғындарын қолдау бойынша Алматы әкімдігімен бірлескен жобаны жүзеге асыруға қатысады.