Жаңалықтар

Елімізде 2 емделуші індеттен жазылды

Ауруханадан ертең шығады

Елімізде 2 адам коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса ауруханадан ертең шығады. Бұл – біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл – дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы – өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді»,- деді Дәурен Абаев.