Жаңалықтар

Қазақстандықтар індетке қарамастан той тойлауын жалғастыруда

94 адам жауапкершілікке тартылды

Коронавирусқа байланысты 64 адам елдегі төтенше жағдайды бұзғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы 25 наурызда өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша заң бұзушылықтар орын алуда. Олар 10 АЕК дейін айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алынады. Өкінішке орай, барлық аймақтарда тыйымға қарамастан, салтанатты шаралар жалғасуда, кафелер, интернет-клубтар, тіпті балаларға арналған үйірмелер жұмыс істеп жатыр», – деді ол.

Жалпы, осындай 313 факт анықталды. 94 адам жауапқа тартылды, олардың 64-і қамауға алынды.