Көкпар үшін жауапқа тартылғандар ұсталды

Жарияланды
Олар төтенше жағдай тәртібін бұзды

Алматы облысының тұрғыны төтенше жағдай кезінде көкпар ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды,-деп хабарлайды Polisia.kz. 

Облыстағы елді-мекендердің бірінде жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерге қауіп төндіріп, көшеде көкпар тартқан азаматтардың бейнежазсын полицейлер ғаламтордан тапқан.

Ол жазбаның Шамалған ауылының Жібек-жолы көшесінде түсірілгені белгілі болды. 

 «Ұлттық ойынның ұйымдастырушысын анықтадық. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын. Ол көкпарды Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырған. Көкпар – адам жинайтын шара екені белгілі. Төтенше жағдай кезінде ол – тәртіпке бағынбағандық боп саналады. Сонымен қатар, ұлттық ойын жолдың бойында болған. Бұл жерде заңнама талаптары да бұзылып отыр», – деді Қарасай АПБ басшысы Асхат Данияр. 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес, яғни «Төтенше жағдай тәртібін бұзу» дерегі бойынша материал ауданаралық сотқа жолданды.
 

Сондай-ақ оқыңыз