Эпидемияның бірнеше айынан кейін Ctrip платформасының мәліметі бойынша, Қытайда ең көрікті орындардың шамамен 40% -ы ашылған екен. Сонымен бірге, инфекцияның таралу қаупін ескере отырып, туристік нысандардың басшылары қонақтардан температураны тексеріп, бетперде киіп, кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтауды сұрап отыр. Көптеген келушілердің санын бақылау үшін туристер сайт арқылы орындарды брондауда.
Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясының астанасы Шеньянда мұражайлар, оның ішінде Шэньян сарайы мұражайы мен Цин әулетінің бірнеше императорларының сарайы (1644-1911) қайта ашылды. Қытайдың солтүстік-батысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында 100-ден астам туристік ұйым жұмысын бастады. Туристерді тарту үшін көптеген тау-шаңғы курорттарына кіру ақысын екі есе азайтқан. Сонымен қатар, Қытайдың оңтүстік-батысында Чунцинде Янцзы өзені арқылы өтетін жол ашылған.
Нинся Хуэй автономды аймағында инфекция көрсеткіші төмен қалаларда туристік фирмаларға пакеттік турларды сатуды қалпына келтіруге рұқсат етілген. Өңірде мәдени алаңдар мен стадиондар да ашылды. 18 наурыздан бастап Шанхайда кітапханалар мен көптеген туристік орындар келушілер үшін қол жетімді болды. Шанхай Диснейлендте жартылай жұмысын қайта басталды.
24 наурызда Бейжіңдегі Бадалинг атты Ұлы Қытай қорғаны туристер үшін ашылды. Бұл ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміндегі ең танымалы. Ашылғанына жарты күн өткен соң келушілер 900-ге жуық билетті брондап алған.
Хайнань аралындағы Санья қаласында барлық туристік орындар 21 ақпаннан бастап өз жұмыстарын бастап кеткен. Ашылғаннан кейінгі 20 күннің ішінде Санья 74 мың туристті қабылдапты.