Шымкентте автобус жолаушыларын іздеп жатыр

Жарияланды
Бұл туралы Дәурен Абаев айтты

Коронавирус жұқтырған адаммен Шымкент қаласына автобуспен келген 16 адам іздестіріліп жатыр. Автобуста болған 51 жолаушының 35-і табылды. Бұл туралы 25 наурызда өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Шымкент қаласына ауру азаматпен келген автобустағы 51 жолаушының 35-і табылды. Олар карантинге оқшауланды. Қазір 16 адам іздеуде жүр. Жақын арада олар табылып, сәйкесінше карантинге жіберіледі», – деді ол.

Сонымен қатар министр бүгінгі таңда республиканың денсаулық сақтау ұйымдарында жасанды желдетудің (IVL) 2,5 мыңнан астам құрылғы барын айтты. Шұғыл қажет болған жағдайда олар коронавирусқа арналған жаңадан құрылған реанимациялық бөлімшелер қарастырылған.

Сондай-ақ, медициналық техниканың қолданыстағы паркін жаңарту үшін қосымша 230 желдету құрылғысын сатып алу жоспарлануда.

«Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі келісім-шарт жасап шығарды. Және оған қоса Швейцариядағы өндіруші-зауыттармен жеткізілім мерзімін қысқарту туралы келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, тозған аппараттардың орнына облыс әкімдіктері биыл тағы 270 қондырғыны сатып алуды жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау министрлігіне тағы 180 қазақстандық машина жасау техникасы сыйға тартылды. Бұл құрылғыларды «Тыныс» компаниясы шығарады», – деді Абаев.

 

Сондай-ақ оқыңыз