АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа қарамастан азаматтар жұмысқа оралуы керек деп санайды. Бұл туралы «Интерфакс» жазды.
«Біз жұмысқа оралуымыз керек. Тұмаудан мыңдаған адам қайтыс болады. Сонымен қатар, жазатайым оқиғадан одан да көп адам жоғалтуымыз мүмкін ғой. Дегенмен, машина өндірушілерден автомобиль жасап шығаруды тоқтатуды сұраған жоқпыз»,- деді Трамп Fox News сайтына берген сұхбатында.
Трамптың айтуынша, АҚШ-та «жұмыссыз қалатындай жағдай жасалмаған» екен.
«Адамдар үйде немесе пәтерде болғысы келмейді. Білесіз бе, сізжұмысты тоқтату арқылы бір елді құртуға болады. Бізде үш апта бұрын ел тарихында бұрын-соңды болмаған ең жақсы экономикалық көрсеткіш болды, кейін бәрін тоқтатуға мәжбүр болдық», – деді ол.
Америка Құрама Штаттарында жалпы 55 148 адам коронавирус жұқтырса, оның 796-ы қайтыс болды. Ал, 349-ы емделіп шыққан.