Елімізде індеттен бір әйел қайтыс болды

Жарияланды
 Бұл туралы Дәурен Абаев хабарлады

Елімізде коронавирустан бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. 

 «Өкінішке қарай бүгін індеттен бір науқас әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз»,- деді Дәурен Абаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 64 жастағы Ақмола облысының тұрғынының өкпесінің екі жағы қабынған, сусамыр дертімен қиналған және сепсис, атеросклероз, қан қысымымен ауырған екен.

Сондай-ақ оқыңыз