Қазақстан қарақұмық жармасын экспорттауға тыйым салды
Жарияланды
Тізімге тағы 10 түрлі азық-түлік өнімі кірді
Қазақстанда төтенше жағдай кезінде қарақұмық жармасы мен тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік тауарларының экспортын уақытша жапты. Елімізде азық-түлік, оның ішінде ұн, көкөніс және жарма өнімдері жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Бұл жаңа егін шыққанға дейін жеткілікті»,-делінген хабарламада.
Қазақстаннан әкетуге уақытша тыйым салынған тамақ өнімдерінің тізімі: қарақұмық, бидай ұны, ақ қант, картоп, сәбіз, қызылша, пияз, қырыққабат, күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы.