Қазақстанда төтенше жағдай кезінде қарақұмық жармасы мен тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік тауарларының экспортын уақытша жапты. Елімізде азық-түлік, оның ішінде ұн, көкөніс және жарма өнімдері жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Бұл жаңа егін шыққанға дейін жеткілікті»,-делінген хабарламада.
Қазақстаннан әкетуге уақытша тыйым салынған тамақ өнімдерінің тізімі: қарақұмық, бидай ұны, ақ қант, картоп, сәбіз, қызылша, пияз, қырыққабат, күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы.