Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Бұл туралы Kursiv.kz жазады.
«Сағат 12:20 келген мәлімет бойынша тағы 9 науқас Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді»,-деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында -34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 97 науқас тіркелді.