Төтенше жағдай режимін бұзғандар ұсталды

Жарияланды
Оларды бес тәулікке қамауға алды

Алматы қаласының Жетісу ауданында төтенше жағдай режимін бұзғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер азаматтар карантин аймағына жаяу баруға тырысқан. Олардың әрекеттеріне бірден тосқауыл қойылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен  төтенше жағдай режим бұзғандардың әрқайсысы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 «Тәртіп сақтамағандардың айтатын өз сылтауы бар: біреуі туысының жағдайын білу үшін қалаға бет алса, енді бірі дүкенге шықтым деп, қалған екеуі жұмысқа бет алғандын айтып ақталды. Бірақ олардың бұл қадамы – өз денсаулығына, одан қалды, жақындарының өміріне қауіп төндіретінін түсінбегенін білдіреді,» – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов. 
 

Сондай-ақ оқыңыз