Төтенше жағдай режимін кафе, мейрамханалар сақтауға құлықты емес

Жарияланды
Полиция рейд кезінде анықтады

Қызылорда өңіріндегі мейрамханалар мен букмекерлік кеңселер елде жарияланған төтенше жағдай режимін сақтауға құлық танытпай отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 наурыздан бері аймақта рейд жүріп жатыр. Мақсат – Қызылорда халқының өмірі мен денсаулығын қорғау. Сол үшін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары бастаған топ – қалалық прокуратура мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері күш біріктіріп жұмыс істеп жатыр.  

Рейд барысында, төтенше жағдай кезіндегі жалпыға ортақ тәртіпті сақтамаған 29 дәмхана мен мейрамхана, букмекерлік кеңсе мен компьютерлік клубының иелері анықталды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша, 17 әкімшілік іс сот құзырымен онлайн режимде қаралыды. 13 адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, 4 азаматқа әкімшілік қамауға алу жөнінде сот үкім кесті.

Бүгінгі таңда, төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау қатаң бақылауда және осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр
 

Сондай-ақ оқыңыз