Соңғы 24 сағат ішінде елімізде 74 адам төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте айтты.
«ТЖ талаптарын елемеген қаншама адамды көріп отырмыз. Соңғы 24 сағат ішінде 237 адам төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 74 адам қамауға алынды», – деді Абаев брифинг барысында.
Сонымен қатар, Тараз қаласында төтенше жағдайға қарамастан үйіне адамдар жинап, беташар ұйымдастырған 30 жастағы азамат ұсталған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция қызметкерлері беташар жасаған асабамен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұндай оқиғаға жол бермеу керектігін ескерткен.