Жаңалықтар

Қоқыс шығаратын көліктің иесі ұсталды

Ол төтенше жағдай режимін бұзып, жолаушы тасыған

Қоқыс шығаратын көліктің жүргізушісі жолаушы тасығаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Ақын Сара мен Ақсай көшелерінің қиылысында орналасқан №7 бақылау-өткізу бекетінде қоқыс таситын көлік тексерілді. Көлік тізгінінде 1994 жылғы ер азамат болғаны анықталды. Қоқыс таситын көліктің ішінде жолаушы ретінде бір адам отырғаны белгілі болды. 

Жүргізуші бұл қадамға ақша үшін бардым деп отыр. Бірақ әрекеті сәтсіз аяқталып екеуі де полицияға ұсталды. 

 «Азаматтарға тағы да төтенше жағдай ережелерін қатаң сақтауды ескерту қажет. Бұл нормаларды елемегендерге кем дегенде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленеді, болмаса 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін», – деп хабарлайды Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Тәртіпке бағынбаған жүргізуші мен жолаушының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша құқық бұзушылық негізінде әкімшілік іс қозғалды.