12 жастағы қыз індетті жеңді
Жарияланды
Ол ауруханадан шықты
Алматыда COVID-19 вирусы анықталған 12 жасар қыз емделіп шықты,- деп хабарлайды Алматы Әкімдігінің телеграмм каналы.
Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды.
Ауру жеңіл түрде өтті.
Естеріңізге сала кетейік, қыз 13 наурызға қараған түні Берлин — Минск — Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген болатын. Экипажды қоса алғанда барлық борт оқшауланған.
Барлық босатылған науқастар клиниканың медициналық қызметкерлерінің бақылауымен үйге 14 күндік карантинге жіберілді.