Абаев:»Медициналық маска тапшылығы болмауы керек»
Жарияланды
Елімізде бір күнде 773 мың маска шығарылады
Елімізде шығарылатын медициналық масканың 70%-ын тігін фабрикалары, ал 30%-ын фармацевтикалық компаниялар тігуде. Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
«Қазір елімізде бір күнде 773 мың маска шығарылуда. Оның 70%-ын – тігін фабрикалары, ал 30 %-ын – фармацевтикалық компаниялар тігуде. Әдейі алыпсатарлық әрекет жасалмаса, маска тапшылығы болмауы керек. Оған елімізде өндірістердің қуаты толықтай жетеді», – деді Дәурен Абаев.