Коронавирус дертіне шалдыққандар саны 271-ге дейін артты
Жарияланды
4 адам Нұр-Сұлтан қаласында тiркелді
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам Нұр-Сұлтан қаласында тiркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 166 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 6 адам, Жамбыл облысында – 3 адам,Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам.
Жалпы 271 науқас тіркелді.
Коронавирус жұқтырған 18 адам жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында – 13, Алматы қаласында – 5 адам. 1 науқас қайтыс болды.