“Үйлеріңізде болыңыздар, біздің қателіктерімізді қайталамаңыздар”

Жарияланды
Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар өкініш білдірді 

«Үйлеріңізде болыңыздар, біздің қателіктерімізді қайталамаңыздар»: төтенше жағдай тәртібін бұзған Алматы облысының тұрғындары өкініштерін білдірді, – деп хабарлайды Polisia.

Тәртіп сақшыларының ақпарат бойынша, сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынған 27 азамат уақытша ұстау изоляторында жазасын өтеп жатыр. 

Әкімшілік қамаққа алынған тұлғалар төтенше жағдай тәртібін сақтамағаны үшін бірауыздан өкінетіндерін жеткізді. 

 «Мен Ащыбұлақ ауылынанмын. Түнде жасырын түрде Алматы қаласына өтіп кеткім келді. Полиция қызметкерлері ұстап алып, сот 10 күнге қамау туралы шешім шығарды. Менің қателігімді қайталамауларыңызды сұраймын. Карантин уақытында үйлеріңізде отырыңыздар”,- деді әкімшілік қамауға алынғандардың бірі.
 

Сондай-ақ оқыңыз