Алматы облысында 67 жастағы тұрғыннан коронавирус анықталды
Жарияланды
Ол карантинге дейін иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған
Коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған. 29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдау нәтиже оң көрсеткен. Бұл туралы Coronavirus2020.kz сайты жазады.
Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.
2020 жылдың 30 наурызында Алматы облысында КВИ-мен ауырған 7 адам тіркелген болатын.