Алматыда COVID-19 қайтыс болғандарды жерлейтін орын дайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова онлайн-брифингте айтты.
Айзат Молдағасымованың айтуынша, жедел штаб жерлеу алгоритмін әзірлеген.
«Алматыда қаза тапқандар жоқ, бірақ шаралар қарастырылған. Арнайы алгоритмге сәйкес жерленеді. Мәйіт дереу дезинфекцияланады. Белгілі бір қорғаныс құралдарында сақталады. Жерлеуге қатысатын адамдардың саны шектеулі болмақ», – дейді Айзат Молдағасымова.
Оның айтуынша, полигон қаладан тыс жерде орналасқан. Ол жерде елді мекендер жоқ.