Қазақстанда тағы бір медбике індетті жұқтырды

Жарияланды
Науқас Қызылорда облысында тіркелді 

Қызылорда облысында медициналық қызметкерде коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов растады.

COVID-2019 вирусын «Сенім» ауруханасындағы 23 жастағы медбике жұқтырған.

Еске салайық, Kursiv.kz  сайты 28 наурызда Атырау облысында бірінші медициналық қызметкердің пациенттен  індетті жұқтырғаны туралы хабарлаған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз