Жаңалықтар

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі үйқамаққа алынды

Ол 26 мамырға дейін болады

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов үй қамаққа алынды. 

«Күдікті Қуанышбек Ысқақовқа қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды. «Үйқамақ» бұлтартпау шарасының 2 (екі) ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленді»,- деп хабарлайды  Kursiv.kz Қызылорда облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.