Карантин режимі кезінде азық-түлікке, дүкенге, медициналық мекемелерге, дәріханаға, жұмысқа немесе итпен серуенге шығу ғана болады,-деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Көшеде үш адамнан астам жиналуға тыйым салынды.
Полиция департаменті енгізілген шектеулер бойынша көшелерді аралайды.
Карантин режимін бұзғандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша,10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.