Төтенше жағдай кезінде қылмыс саны азайды
Алматы облысы Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері өңірдегі қылмыстар саны 40,7 пайызға төмендеді,- деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Нақты айтқанда, қылмыстық құқық бұзудың барлық түрлерінде төмендеу байқалады.
Оның ішінде:
– кісі тонау – 36, 8%;
– бұзақылық – 31,25%;
– өзгенің мүлкін ұрлау -56,7%;
– зорлау -33,3%;
– мал ұрлығы -25,5 %;
– денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру– 21,8%;
– өзгенің көлігін айдап кету – 22,2% және т.б.
Сонымен қатар, төтенше жағдай енгізілгелі бері облыс аумағында кісі өлтіру немесе қарақшылық шабуыл сынды ауыр қылмыстар тіркелмегенін атап өту қажет.
Алматы қаласына кіре берістерге 17 блок-бекет қойылған.
Блок-бекеттердің негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, короновирус індетінің таралуының алдын алу.