Төтенше жағдай кезінде сотталғандар туыстарымен кездесе алмайды
Жарияланды
Енді олар онлайн түрде жүздеседі
Төтенше жағдай кезінде Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандар бейне байланыс арқылы жақындарымен сөйлеседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнеқоңыраулар төтенше жағдай кезінде коронавирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі індет тараған уақытта сотталғандардың туыстары мекемеге келе алмайды.
«Менің ата-анамды көруге мүмкіндігім бар. Өз ата-анамды және балаларымды көріп қуанып қалдым. Мекеме әкімшілігіне мүмкіндік бергені үшін үлкен рахмет», – дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің сотталғаны О. Шавкомуд