Коронавирус сәуірде шарықтау шегіне жетеді
Жарияланды
3 айдың ішінде індетті жұқтырғандардың жалпы саны 3,5 мың болуы мүмкін
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус сәуір айында шарықтау шегіне жетеді деп болжады.
«Менің ойымша, біз эпидемияның негізгі шыңынан сәуір айында өтіп, Қазақстанда инфекцияның таралуын төмендету үшін карантиндік шараларды жалғастырамыз», – деді Біртанов брифингте.
«Қазіргі жағдайда болжам жасау өте қиын. Бірақ, карантиндік шараларды сақтау, індеттің таралуын 50% -ға төмендетеді », – деді министр.