1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан әуежайына жолаушыларды тасымалдайтын барлық ұшақ тоқтайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«1 сәуір күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан әуежайы барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар ұшағын қабылдауды тоқтатады» делінген хабарламада.
Сонымен қатар хабарламада, Алматыда да 1 сәуірден бастап рейстерді қабылдау тоқтатылады.
Ал халықаралық жолаушылар әуе рейстері Қазақстанның басқа әуежайларына қарай бағытталатын болады.