Жаңалықтар

Павлодар облысында бүгін тiркелген науқастың жағдайы мәлім болды

Науқас Нұр-Сұлтан қаласында ем алуда

Павлодар облысындағы бүгінгі тiркелген науқас жағдайы бойынша, бұл науқас Нұр-Сұлтан қаласында ем алуда. Бірақ жүргізілiп жатқан зерттеулер мен анализ талдаулары мөлшерден көп болғандықтан, науқастың анализдерi Павлодар облысына жіберілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Павлодар облысында 1 коронавирус ауруы тіркелді.


Елде барлығы (2020 жылғы 31 наурыз 16:30 сағ.) 336 коронавирусты тіркеу жағдайы расталды, оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында – 176, Алматыда- 82, Қарағанды облысы – 13, Атырау облысы – 13, Ақмола облысы – 10,Жамбыл облысы – 3,Шымкент қ. – 2,Шығыс қазақстан облысы – 2, Алматы облысы – 8, Ақтөбе облысында-3, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Қызылорда облысы – 18, Батыс Қазақстан облысы – 2.