Атырауда 3 адам коронавирусты қайдан жұқтырған

Жарияланды
Облыста 16 науқас бар

Атырауда 3 адамның коронавирусты жұқтыру себебі белгілі болды, деп хабарлайды аймақтық Денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарманың мәліметінше, 3 адамның бірі –37 жастағы атыраулық коронавирус талдауы расталған Орал қаласының тұрғынымен байланыста болған. Оның инфекцияға шалдыққаны үйіне оралған соң анықталған.
Екіншісі –20 жастағы жігіт. Ол «Стамбул-Атырау» арнайы рейсімен 27 наурызда келген. Науқаста ЖРВИ-дың айқын белгісі көрініп, инфекциялық стационарға жатқызылған. Жігіттің коронавирусқа шалдыққаны қайталап тексеруден кейін расталған.

Ал, Қызылқоға ауданының 28 жасар тұрғыны ЖРВИ белгілерімен облыстық ауруханаға жүгінген. Бұл әйелдің коронавирус инфекциясына тапсырған анализі оң нәтиже көрсетіп, қазір онымен байланысқандар тізімі алынуда.

Сонымен бірге, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен облыстық аурухана 2 күндік карантинге жабылды. Медициналық мекемеде дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, дертке шалдыққандармен байланыста болған дәрігерлер мен науқастар оқшауланды.
 

Сондай-ақ оқыңыз