Карантин уақытын ұзарту – ерте. Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
«Ешкім екі апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды, бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек. Сондықтан кеше айтылған барлық шаралар – жағдай күрделеніп кетсе де тыныштық пен тұрақтылықты сақтау керекпіз. Ол үшін бізде қажетті шарттардың барлығы жасалған. Мемлекет басшысы тапсырмасы, нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.