Жаңалықтар

Әлемде карантинді бұзғандарға қанша айыппұл салынады

 Ең қатаң жазалаушы елдер

COVID-19-ның бүкіл әлем бойынша, 199 елде анықталды. Бұл көптеген елдерге қатаң жаза қолдануға мәжбүр етті,-деп мәлімдеді KKKBTU  жедел  штабы.

Бұл инфекциямен күрестің тиімді факторы – пациенттерді оқшаулау, азаматтардың уақытша ауруханаларда карантин режимінің қатаң ережелерін сақтау талабы, үйде отыру.

Елімізде карантин режимін бұзғаны үшін 10 АЕК , 26 510 теңге айыппұл қарастырылған немесе 15 күнге дейін қамауға алынады.
Әлемдегі ең қатаң жаза қолданатын елдер:

АҚШ. Карантиндік тәртіпті бұзған азаматқа 100 мың АҚШ долларына дейін айыппұл салынуы  немесе бір жыл түрмеде отыруы мүмкін.

Қытай. ҚХР-да індетті жұқтырғанын білетін және қоғамдық орындарға баруды жалғастырушылар үшін өлім жазасы қарастырылған.

Германия. Карантин режимді бұзғаны үшін 200-5000 еуро көлемінде айыппұл салынады, қайталанған құқық бұзушылық үшін – 3700 еуроға дейін және 6 ай түрмеге отырғызады.

Ұлыбритания.  Режимді бұзатын болса, айыппұл 60 фунт төлейді. Бірнеше рет бұзғаны үшін – 120 фунт.

Үндістан. 10 мың рупий (133 доллар) көлемінде айыппұл және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Полиция режимді бұзушыларды таяқпен ұрады.

Франция. Карантинді бұзған адамға 135 еуро айыппұл, 3,7 мың еуроға дейін және қайталанған құқық бұзушылық үшін 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Италия. Ережені бұзғаны үшін айыппұл – 400 – 3000 евро. Індетті жұқтырып, карантинде отырмаған азаматтар 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ресей. Құқық бұзушыдан жұқтырған адам қайтыс болған жағдайда, айыппұл 150-300 мың рубльге дейін, лауазымды адамдарға 300-500 мың рубльді құрайды. Егер азаматтар, карантин кезінде айналасындағыларға қауіп төндірсе, олар 15-40 мың рубль, шенеуніктерден 50-150 мың рубль өндіріп алады.