Жаңалықтар

Тұрғымбаев: “Заң бұзғандар жауапқа тартылады»

Белгіленген шектеулерді бұзғандарға 25 мың теңге айыппұл салады

ІІМ төтенше жағдай кезінде күшейтілген қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Елордада мен Алматы қаласында карантин қатаң режимге ауысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды. Азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелді. Жаппай жиналатын орындар жабық. Бұл саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аумақтары, ойын алаңдары.

Төтенше жағдай кезінде, көшеде топтасуға, үш адамнан көп жиналуға, сондай-ақ ,кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынған. Көлік қозғалысы шектеулі.

 «Үш тәулік ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Енді белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар 25 мың теңгеге дейін айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады (ӘҚБтК 476-бабы “ТЖ режимін бұзу»)”, – деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. 

Бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жаяу және автомобиль патрульдер саны артты, бейнебақылау жүйелері іске қосылды.