Түркістан облысындағы алғашқы науқас вирусты қайдан жұқтырған?

Жарияланды
Ол Нұр-Сұлтаннан Жетісайға жеткенше 16 адаммен қарым-қатынас жасаған

Коронавирус жұқтырған науқас Түркістан облысы, Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің  Facebook парақшасында. 

«Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Жетісай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 30 наурыз күні қаралған.Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағандыға келіп, 6 сағаттай аялдап, Шымкентке Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан»,- деп жазады Сәкен Қалқаманов. 

Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса,  11 адам Жетісай қаласының тұрғындары. 

«Өзге де байланыста болған адамдар анықталуда», -деді әкімнің орынбасары. 

Соңғы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 348 адам кронавирус инфекциясын жұқтырған.   

Сондай-ақ оқыңыз