Қазақстанда 2020 жылы бюджет тапшылығы артпақ
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                
                                    
                        Бұл туралы Қаржы министрі мәлімдеді
                    
                            Қазақстанда 2020 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы артады,- деді ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов.
Үкімет отырысында министрдің айтуынша, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін бюджет тапшылығы 840,7 млрд теңгеге ұлғайып, ЖІӨ-нің 3,5% -ын құраған.
Қаржы құжатының алғашқы нұсқасында тапшылық 2,1% деңгейге бекітілген болатын.
Төтенше жағдай кезінде халықты және экономиканы қолдауға қосымша қаражат бөлу қажеттігіне байланысты бюджеттің түзетулерінен кейін параметрлер де реттелген.
Табыстар 515,8 млрд. теңгеге артып, 11,8 трлн. теңге деңгейінде қамтамасыз етілді. Шығындар 1,4 трлн теңгеге өсіп 14,3 трлн теңгені құрады. Бюджеттің кіріс бөлігінің шығынын өтеу үшін республикалық бюджеттің шығындары 532 млрд теңгеге оңтайландырылды.
 
