Әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақыртылады

Жарияланды
Президент арнайы жарлыққа қол қойды

 2 сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда сайты.

Осы құжатқа сәйкес, ҚР  Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылады. 

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу отырып,  шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз еу тапсырылған. 

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен, яғни 2 сәуірден  бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сондай-ақ оқыңыз