1 млн-нан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алады
Жарияланды
Ақшаны алу үшін SMS-ке банк шотының нөмірін жазу жеткілікті
1 млн-нан астам қазақстандық SMS арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алады- деді А. Жұмағалиев. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Олардың қатарында:
1,2,3 топтағы мүгедектер;
Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
Фрилансерлер;
Карантин аймағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер;
Жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған жұмыссыздар.
Қазіргі уақытта, 60 мың адамға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны автоматты түрде аудару туралы SMS жіберілген.
Тиісті соманы алу үшін SMS-ке банк шотының нөмірін жазу арқылы жауап беру жеткілікті.