Елімізде эпидемияға қарсы шараларға 125 млн теңге бөлінеді

Жарияланды
Оның 40,6 млн теңгесі медицина қызметкерлеріне беріледі

Президенттің тапсырмасы бойынша, эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125 млн теңге қарастырылады. Оның 40,6 млн теңгесі медицина қызметкерлерін ынталандыруға бөлінеді,- деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

 Бұл үстемақы мөлшері коронавирусты жұқтыру қаупі бар топтар бойынша бөлінеді. 

1 топ (қауіптілігі аса жоғары) — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы бір қызметкерге 20 ЖТМ немесе 850 мың теңгені құрайды.

2 топ — провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы 10 ЖТМ құрайды.

3 топ — карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемақы 5 ЖТМ құрайды. Бұл 26,3 мың адамды қамтиды. 

 

Сондай-ақ оқыңыз